Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 31 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 31 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Tabys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тамдыкөл» кең орынынан пайдалы қазбаларды барлау үшін Көптоғай ауылдық округі және Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 25 335 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2023 жылдың 07 қыркүйекке дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін»; 2. «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жобаны ұсынушы: Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: М.Туремуратов
2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 213 қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|