«Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 666 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16427 болып тіркелінген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2024 жылғы 10 мамырдағы № 280 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|