Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 98-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі- бірлестіктер) аккредиттеу жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) тануы болып табылады. 3. Мыналар аккредиттеуге жатады: 1) республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|