ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) кіріспе «және пайдалану» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 1-бапта: 3-1) тармақшадағы «иттердің ұлттық және басқа да» деген сөздер «қазақы және басқа да ит» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақша алып тасталсын; 42), 43), 44) және 62-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|