Пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептілікті табыс етудің нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы (2018.30.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер және оларды есептеу әдістемесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны бекітілсін. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 157 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген электрондық форматтағы есептілікті ұсынады. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есептілікке қол қоюға уәкілетті адамдар және орындаушы қол қояды және микроқаржы ұйымында сақталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|