Әкімдіктің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 «Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі.»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулы осы қаулының 1-қосымшасымен толықтырылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|