|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14,84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; №11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат): 1) 54-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацындағы «орта білімнен кейінгі білімі» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 55-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының сегізінші абзацындағы «орта білімнен кейінгі білімі» деген сөздер «орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18- І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат): 156-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық -». 3. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат): 1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын: «5-3) музей-қорық - тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған мәдениет ұйымы;»; 8) тармақша алып тасталсын; 3-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді 2) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бағалау нормативтерін бекітеді;»; 3) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын: «37-бап. Музей-қорықтар Тарихи-мәдени мұра объектілері және мәдени құндылықтар шоғырланған жерлерде музей-қорықтар құрылуы мүмкін, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.». 4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 25-5-баптың 5) тармақшасындағы «жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң олардың» деген сөздер «адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын. 5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; № 23, 118-құжат): 16-баптың 1-тармағында: «мiндеттi тегiн даналарын, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын», «және» деген сөздер тиісінше «, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының мiндеттi тегiн даналарын», «, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына және» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мерзімді баспасөз басылымдарының, оның ішінде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарының міндетті тегін даналарының бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысаны олар әзірленген күнi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың «Орталық» мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.». 6. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат): 1) 1-бапта: 1), 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) баспа өнімі - мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім; 1-1) басылымның міндетті тегін данасы - редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын басылым (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы; 1-2) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері фильм және (немесе) киношежіре шығару, фильмді прокаттау, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильм шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді, фильмнің және (немесе) киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау болып табылатын заңды тұлға; 1-3) киношежіре - уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіндік (көбінесе, өткен шақтағы) ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттердің түсірілімдері;»; мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын: «1-4) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;»; 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі - баспасөз архиві) - Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;»; мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-2) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы - ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар; 2-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогі - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс;»; 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы - қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе; 3-2) қоғамдық маңызы бар әдебиет - қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар; 3-3) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі - қоюшы) - дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;»; мынадай мазмұндағы 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын: «3-4) материалдық емес мәдени мұраны қорғау - материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, кеңінен танылуын, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолдану; 3-5) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі - Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;»; 4) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) мәдениет - жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтар жиынтығы;»; «7) мәдениет саласындағы қызмет - мәдени қызмет субъектілерінің мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, қорғау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жөніндегі қызметі;»; 8) тармақшадағы «қайта түлетуге, сақтауға», «арналған» деген сөздер тиісінше «жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға», «бағытталған» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі - музей қоры) - мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы; 13-2) музей дерекқоры - музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы; 13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар - халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарда өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар; 13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер); 13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;»; мынадай мазмұндағы 13-6), 13-7) және 13-8) тармақшалармен толықтырылсын: «13-6) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға; 13-7) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер - шақырушы мәдениет ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмайтын шығармашыл қызметкерлер; 13-8) театрлық қойылым - театр өнерінің драмалық, музыкалық-драмалық немесе әдеби шығармалар негізінде жасалған, көркем ойы мен нақты атауы бар туындысы;»; 16-4) тармақшадағы «және көпшiлiкке көрсетiлуi (демонстрациялануы)» деген сөздер алып тасталсын; 2) 3-баптың 10) тармақшасындағы «кірігуін қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «интеграциялануын қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.»; 3) 4-баптың 11) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын: «12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау; 13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау болып табылады.»; 4) 6-баптың 10) тармақшасындағы «мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру тәртібі мен ережелерін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру тәртібі мен қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 7-бапта: 9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату, сондай-ақ ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастырады; 9-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын: «9-3) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясын құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;»; 15) тармақшадағы «қызметкерлерін аттестаттау ережелерін» деген сөздер «мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 17-1), 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын: «17-1) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;»; «20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 20-2) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 21-1) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «қалыптастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; 23-4) тармақшадағы «және өнер» деген сөздер алып тасталсын; 23-5) тармақшадағы «және өнер» деген сөздер алып тасталсын; 23-6) тармақшадағы «және өнер» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23-7), 23-8) және 23-9) тармақшалармен толықтырылсын: «23-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді; 23-8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 23-9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;»; 33) тармақшадағы «қаланың» деген сөз «қалалардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 8-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;»; 3) тармақша «музыка» деген сөзден кейін «өнерін» деген сөзбен толықтырылсын; 7) 9-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;»; 8) 14-бапта: 1-тармақтың 5) тармақшасындағы «мұрағаттарға», «еркін баруына құқығы бар.» деген сөздер тиісінше «архивтерге», «кіруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.»; 2-тармақ: бірінші абзацтағы «Мәдениет қызметкері» және 5) тармақшадағы «қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.» деген сөздер тиісінше «Мәдениет қызметкерінің» және «қосымша ақыға және үстемеақыға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттің мәдениет саласындағы міндеттерін шешуге қатысуға; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мәдениет ұйымы мәдениет қызметкерінің атқарып отырған лауазымы бойынша санатын жоғарылату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.»; 9) 15-бапта: 2-тармақтағы «мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында тиісті бюджеттер қаражатының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттың есебінен гранттар тағайындай алады. 4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары шығармашыл қызметкерлерге, шығармашыл қызметкерлердің ұжымдарына студиялар, шеберханалар, зертханалар және шығармашылық қызметке қажет өзге де жұмыс орындары үшін үй-жайлар беруге ықпал етеді.»; 10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, мәдениет ұйымдарының және басқа да заңды тұлғалардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.»; 11) 4-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар Автор мен орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты мәдениет саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Мәдениет ұйымдары 1. Мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 2. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 3. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін өз құрылтайшылары айқындайды және олардың жарғыларында көрсетіледі. 4. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мәдениет саласындағы қызметті халықаралық мәдениет ұйымдары жүзеге асыра алады. 5. Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады: театрлар; концерттік ұйымдар (филармониялар); цирктер; кинематографиялық ұйымдар; кітапханалар; музейлер; мәдени-демалыс ұйымдары; көркемөнер галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары); реставрациялау орталықтары; музей-қорықтар; Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы; мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары. 6. Мәдениетті дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін. 7. Мәдениет ұйымдары өздерінің қорларындағы мәдени құндылықтар туралы ақпаратты, сондай-ақ ағымдағы репертуардан алып тасталған театрлық қойылымдардың және (немесе) шығармашылық бағдарламалардың дыбыс-бейне жазбаларын электрондық ақпараттық ресурстарда орналастыру үшін жағдай жасайды.»; 13) мынадай мазмұндағы 19-2-баппен толықтырылсын: «19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құратын және тарататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Уәкілетті орган Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.»; 14) 20-бап алып тасталсын; 15) 22-бапта: 1-тармақтағы «әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары» деген сөздер «театрлық қойылымдарды жасауды, көпшілік алдында орындауды және (немесе) көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |