Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығығына 3-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары
бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2021.29.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш береді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;