«Босқын мәртебесін беруден, ұзартудан, айырудан және тоқтатудан бас тарту туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері Көші-қон қызметі басқармаларының шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі комиссия құру туралы (2019.06.11. берілген өзгерістермен)
«Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 67-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Босқын мәртебесін беруден, ұзартудан, айырудан және тоқтатудан бас тарту туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері Көші-қон қызметі басқармаларының (бұдан әрі - ІІД КҚҚБ) шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі комиссия осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрылсын. 2. «Босқын мәртебесін беруден, ұзартудан, айырудан және тоқтатудан бас тарту туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармаларының шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 882 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденовке) жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ішкі істер министрі бірінші орынбасарының 2019.06.11. № 970 бұйрығымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 237 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|