Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің нысанын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сай Қазақстан Республикасының Президентін; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сай партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сай Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қоса беріліп отырған нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|