Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау көрсету шаралары туралы
Осы редакция 2020 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, қаржылық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру және банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларының алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібі бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларға жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахмановқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 251 бұйрығымен бекітілген
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібі
1. Осы Тәртіп төтенше жағдай және (немесе) карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлік субъектілеріне бизнеске қолдау көрсету, қаржылық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру және кәсіпкерлік мақсаттарға берілген банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларының алдын алу үшін қосымша қолдау шараларын көрсету мақсатында әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|