Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2024.02.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі - 1 трлн. теңгеге дейін. 2. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемелері бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн. теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|