| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) 3-баптың 3-тармағындағы «1» деген цифр «31» деген цифрлармен ауыстырылсын; 1-баптың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 225-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын: «30) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттардың немесе басқа да өтеусіз көмектің алынуы.»; 1-баптың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) 264-бап мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын: «24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) жəне жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін гранттар немесе басқа да өтеусіз көмек есебінен жүргізілген шығындар шегерімге жатпайды.». 2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2) жəне 3) тармақшаларын қоспағанда, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 желтоқсан № 244-VIIІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |