Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы (2016.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидалар бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7533 тіркелді, 2012 жылғы 30 маусымдағы № 207-208 (27026-27027) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);). 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9040 тіркелді, 2014 жылғы 6 наурыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|