Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы (2020.15.05. берілген өзгерістермен)
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 12 ақпан
Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/42 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Дамуға ресми көмек туралы» (бұдан әрі - Заң) 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек (бұдан әрі - ДРК) саласындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|