«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|