2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы (2022.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 2. «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2022.24.02. № 580 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Жаңақорған ауданының әкімі 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 528 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|