Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы (2021.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2021.07.04. № 123 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің 2021.07.04. № 123 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шартының үлгілік нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатуы шартының үлгілік нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алуы шартының үлгілік нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|