Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кіріс органдарына қорытынды беру қағидалары мен нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындыны мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы қорытындының нысаны. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 381 бұйрығына 1-қосымша
Салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімді айырбастау туралы мемлекеттік кірістер органдарына қорытындыны ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|