Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы (2017.08.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 212 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен ереженің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары
ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы (бұдан әрі - мемлекеттік стипендия) беріледі. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік стипендия алуға: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын; 2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады. 4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді. Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкiлеттi орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады. Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi қағаз немесе электронды түрде жібереді. Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 753 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды. Уәкілетті орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы бірінші қазаннан кешіктірмей енгізеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарап, ағымдағы жылғы бірінші қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.
Үкіметінің 2007 жылғы»4 сәуірдегі № 266 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 288-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 482-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1370 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 567-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 94-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 236-құжат).
|