Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 385 бұйрығымен бекітілген
Уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін, мемлекеттік кірістер органы тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамалар жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|