Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 10-қосымша
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру»
1. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде: лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша лицензияны беруден бас тарту себебі туралы уәжделген жауабы - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде; лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|