Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 224 Қаулысын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары, сондай-ақ суық қару айналымының тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларды іске асыру қару-жарақ пен әскери техниканың заңсыз айналымы мүмкіндігін болдырмау бойынша жағдайлар жасауға бағытталған. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|