ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 184-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар - мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнаулы оқу және жеке дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) диагностика - балалардың ауруының болу немесе болмау фактісін анықтауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;»; 8) тармақшадағы «медициналық психологиялық-педагогикалық» деген сөздер алып тасталсын; 12) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;»; 14) және 16) тармақшалар алып тасталсын; 17) тармақшадағы «кемтар», «оларды» деген сөздер тиісінше «мүмкіндігі шектеулі», «оларды психологиялық-педагогикалық қолдау,» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақша алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|