«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2014.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 357 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ережесі; 2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесі; 3) ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесі; ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1520 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) осы қаулы 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидасы» бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|