Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2016.27.01. берілген өзгерістермен)
1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2016.27.01. № 33 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) ретінде тіркеу есебіне қою - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде; ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту - құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|