«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген, 2015 жылдың 25 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) ретінде тіркеу есебіне қою - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде; ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту - құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде; орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|