Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 Қаулысы
(2025.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.21.01. № 17 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2025.21.01. № 17 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік» және «Техникалық байқаудың халықаралық сертификаты» екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып;
2-1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Теміржол және су көлігі комитеті:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып;