Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы (2013.26.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.): 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге мәлімет үшін жіберсін. 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|