Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына өзгеріс енгізу және Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелді, 2015 жылғы 8 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын: 1) Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 253/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4737 болып тіркелді, 2015 жылғы 8 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) қаулысы; 2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 253/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 166/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5144 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) қаулысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|