ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 2, 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кiрiстер – 15 664 981 259 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 9 816 780 519 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 343 224 400 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 502 725 340 мың теңге; 2) шығындар – 18 062 677 021 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 494 481 197 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 646 297 309 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 151 816 112 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 86 085 873 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 86 085 873 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы – -2 978 262 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,3 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -9 342 602 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,2 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 978 262 832 мың теңге. 2-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 143 587 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.»; «6-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері 432 288 358 мың теңге сомасында көзделсін. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|