Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 19-бабының 5-1 тармағына және 22-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде жолдауды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|