2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 506-НҚ бұйрығы (2023.03.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023.29.06. № 256-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына, мүдделі ұйымдарға (келісім бойынша): 1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі 15-ші күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын, Жол картасының 2-бөлімінің 2.4-жолын қоспағанда, ол бойынша ақпарат ай сайынғы негізде ұсынылады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023.29.06. № 256-НҚ бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдық пен жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|