Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 47343876,5 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер бойынша - 24662177,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 102354,0 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4414240,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 18165105,5 мың теңге; 2) шығындар - 55817314,6 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0,0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 8473438,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8473438,1 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «7. 2019 жылға арналған қаланың жергілікті атқарушы органының резерві 358746,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 355 шешіміне 1-қосымша
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешіміне 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|