|
Талдықорған қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17847 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Талдықорған қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 қыркүйектегі «Талдықорған қаласының елді мекендерінде салық салу нысанының орналасқан жерін ескеретін аймақтандыру коэффициенттерін бекіту туралы» № 680 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 239-19 тіркелген). 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Б.Сейтимбетовке жүктелсін. 4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі «Талдықорған қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 567 қаулысына қосымшасы
Талдықорған қаласының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|
||||||||||||