Медициналық жоғары оқу орындарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды даярлау мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 857 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда 2022 жылғы 17-22 қазан кезеңіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды медициналық жоғары оқу орындарында даярлау мәселесі жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 22 қазанға дейінгі мерзімде қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды медициналық жоғары оқу орындарында даярлауды жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтасын. 3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кадрларды даярлаудың қолданыстағы жүйесіне талдау жүргізу, оның ішінде: мамандықтың атауы, даярлауға арналған факультет, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары мен СЭС дәрігерін даярлаудың білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау, практикалық денсаулық сақтау қажеттілігін ескере отырып, бітірушінің тәжірибеге бағдарлануы мен құзыреттілік пакеті, практикалық базалар мен тәлімгерлікке рұқсат, оқыту мерзімдері және біліктілікті арттыру бағдарламалары және т.б. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|