Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары бекітілсін. 2. Күштері жойылды деп танылсын: 1) «Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10009 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 280 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 қазанда электрондық түрде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|