Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы (2023.25.07. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 163/20-VIII шешімімен күші жойылды
Астана қаласы мәслихатының 2022.30.09. № 242/32-VII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Астана қаласы мәслихатының 2022.30.09. № 242/32-VII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымша тегін берсін 2. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 500/66-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1271 болып тіркелген). 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|