Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы (2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеулер қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес; 4) Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|