«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2024.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 599 Қаулысын қараңыз (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылсын. 3. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|