Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26942 болып тіркелген); 2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 570 бұйрығының 1-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|