«Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау туралы заңнамасының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі түсіну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. «Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) қаулының атауында «Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» деген сөздер «Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын соттардың қолдануы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ғылым, әдебиет және өнер (авторлық құқық) туындыларын, қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындаған қатынастар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (бұдан әрі — АК), «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі — Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|