Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут) Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 4/524-642 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Құбыр желісі транспорты объектісін жүргізу үшін А. Жақұтов атындағы Алматы ЖЭС-2-ден Батыс жылу кешеніне дейін меншік иелерінен (жер пайдаланушылар) жер учаскелерін алып қоюсыз, осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін. 2. Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен бірлесе отырып: 1) жер учаскелерінің меншік иелеріне (жер пайдаланушылар) қабылданған қаулы туралы хабарласын; 2) осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
2023 жылғы 24 қазандағы № 4/524-642 қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|