Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржылық ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі; 2) жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржылық ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің нысандары: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлік баланс» нысаны; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайда мен зияндар туралы есеп» нысаны; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысаны; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп» нысаны бекітілсін. 2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|