«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметінде сақтау мерзімін көрсете отырып жасалатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес және іс қағаздарын жүргізуді тиісінше ұйымдастыру және жүргізу мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметінде сақтау мерзімін көрсете отырып жасалатын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Сақтау мерзімін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметінде жасалатын құжаттар тізбесін бекіту туралы». Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының қызметінде сақтау мерзімін көрсете отырып жасалатын құжаттардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшыларына жіберілсін, 3. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары іс қағаздарын жүргізуді Тізбенің талаптарын қатаң сақтай отырып қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|