2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2024 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2024 - 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 427 721 770,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 146 935 795,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 4 419 682,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 41 405,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 276 324 888,0 мың теңге; 2) шығындар - 427 737 653,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 871 552,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 7 936 142,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 064 590,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 5 887 435,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 887 435,0 мың теңге. 2. 2024 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін: 1) Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы: Бейнеу ауданына - 100 пайыз; Қарақия ауданына - 100 пайыз; Маңғыстау ауданына - 100 пайыз; Мұнайлы ауданына - 50 пайыз; Түпқараған ауданына - 100 пайыз; Ақтау қаласына - 50 пайыз; Жаңаөзен қаласына - 50 пайыз. 2) Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: Бейнеу ауданына - 20 пайыз; Қарақия ауданына - 0 пайыз; Маңғыстау ауданына - 0 пайыз; Мұнайлы ауданына - 30 пайыз; Түпқараған ауданына - 30 пайыз; Ақтау қаласына - 1,5 пайыз; Жаңаөзен қаласына - 11 пайыз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|