Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы (2019.16.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілді
Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2019.16.01. № 21 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|