«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3014 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 5 субаймақ: ауданы 297 гектар тарихи орталық, ауданы 1350 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 846 қаулысына 1-қосымша
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша
«TURKISTAN» Арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|