Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерінің көлiк құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 690 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлiк құралдарының заттай нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|