|
«Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы жөніндегі есеп» № 2 нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7 нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау жөніндегі есеп» № 7-К нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау жөніндегі есеп» № 8-К нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы сот қараған азаматтық іске (арыз) 1- ЭАЕҚ» нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|